8.04.2025
«Казцинктің» жастар кеңесінің өкілдері кәсіподақпен бірлесіп, Грехово (Алтай) кентіндегі медициналық-әлеуметтік мекемеге барып, наурызға арналған әшекейлер жасаудан шеберлік сағатын өткізді.
Қатысушылар үш командаға бөлінді, әрқайсысы ерекше бұйым жасады. Сондай-ақ орталық қамқорлығындағыларға наурыздың дәстүрлері, мерекеге дайындалатын тағамдар туралы, осы күннің маңызы туралы айтылды.