«Казцинк» қызметкерлері Қазақстанда үздік техникалық инспекторлар атанды «Казцинк» қызметкерлері Қазақстанда үздік техникалық инспекторлар атанды

16.06.2024

KIOSH 2024 еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қазақстандық Халықаралық көрмесінде өнеркәсіптік компанияларды еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша салтанатты марапатау болып өтті. «Казцинктің» екі қызметкері еліміздегі үздік техникалық инспектор болып танылды. Олар 12-ші «СЕНІМ» конкурсының дипломдары мен мүсіншелеріне ие болды. Бұл – еңбек қауіпсіздігі саласында қазақстандық кәсіпқойлар үшін неғұрлым беделді марапат болып саналады.

Риддер металлургия кешені шаңгазтұту қондырғыларының операторы Данил Фартышев «Еңбек қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» аталымында бірінші орын алды. Ол «Казцинкте» төрт жылдан бері істейді, оның үш жылында өзінің негізгі міндеттерімен қоса өз учаскесіндегі қауіпсіздікті де қадағалап келеді.

Риддердің тағы бір тұрғыны - «Казцинкмаш» машина жасау бөлімшесінің электромонтёры Владимир Кадыков «Үздік техникалық инспектор» аталымында екінші орынға ие болды.