Жәйрем кентіндегі жаңа полиметалл фабрикасы жыл жобасы болып танылды Жәйрем кентіндегі жаңа полиметалл фабрикасы жыл жобасы болып танылды

Қазақстан Республикасындағы ең беделді кәсіби сыйлық - кен металлургия компаниялары арасындағы «Алтын Гефест» республикалық байқауы қазыларының таңдауы бойынша «Жәйрем полиметалдары» жобасы 2021 жылғы үздік жоба болып танылды.

Сыйлық Қазақстанның ең ауқымды салалық іс-шараларының бірі – Astana Mining & Metallurgy 11-інші кен металлургиялық конгресі аясында табыс етілді. Номинация жеңімпаздарын индустрияның беделді мамандарынан және мемлекеттік құрылымдардың өкілдерінен тұратын комиссия таңдайды.