Металлург күнінде «Казцинк» тарихи дәуірлер мен қалалар бойынша саяхат ұйымдастырды Металлург күнінде «Казцинк» тарихи дәуірлер мен қалалар бойынша саяхат ұйымдастырды

«Казцинк» 25 жылдық мерейтойы мен Металлург күніне орай қызметкерлер мен қонақтар үшін Өскеменде ерекше ойын-сауық бағдарламасын өткізді. Қалалық аттракциондар саябағы ойын-сауық аймағына айналды.

Бағдарлама «Металлургтер қаласы» деп аталды – қонақтарға түрлі ойын-сауық, аттракциондар, қызықты квестер мен Шығыс Қазақстанның ең ірі компаниясының бөлімшелері орналасқан барлық елді мекендер көрсетілген фотоаймақтар ұсынылды.

Зияткерлік ойындарды ұнататын жандар үшін әр белсенді ойын-сауық алаңшасында QR-кодтар дайындалып, олар бұл кодтарды сканерлеу арқылы арнаулы викторина парақшасына өте алды. Викторинаға қатысушылар «Казцинк» туралы білімдерін сынап көрді. Кәсіпорын орналасқан әр қала: Алтай, Өскемен, Жәйрем, Серебрянск, Риддер және Көкшетау бөлімшелері бойынша сұрақтар дайындалды. Қатысушылар, сол сияқты, виртуалды кеңістікте осы елді мекендердің қызықты тарихына бойлай алды. Онлайн-викторинаның жеңімпаздары компания атынан сыйлықтарға ие болды.