Литва Республикасының Қазақстан Республикасындағы, Қырғызстан Республикасындағы және Тәжікстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі «Казцинктің» Өскемен металлургиялық кешеніне келді. Дипломатиялық өкілдіктің басшыы металлургтермен серіктестік мүмкіндіктерін, шағын және орта бизнесті қолдау мәселесін талқылады, сондай-ақ өндірістік бөлімшелерге экскурсия жасады.
Сапар барысында Гинтаутас Васюлис мырза «Казцинктің» басшылығымен кездесті. Басты назарда - Шығыс Қазақстан облысының ең ірі компаниясы мен Литва Республикасының ұйымдары арасындағы ынтымақтастық.
Қонақтар «Казцинктің» өндірістік қызметін жоғары бағалап, жемісті ынтымақтастыққа деген сенім білдірді.