FFКомпанияның жас қызметкері, Өскемен металлургиялық кешенінің металлургиялық жабдықтарды жөндеу цехының электргазбен пісірушісі Анатолий Никишин WorldSkills өңірлік чемпионатына алғаш рет қатысып, екінші орынды иеленді.
WorldSkills жарысы техникалық мамандық иелеріне өз шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік береді.
Жас жігіттің металлургиялық кәсіпорында жұмыс істегеніне бір жылдан аз уақыт болса да, мамандығын өте жоғары деңгейде меңгеріп үлгерді. Анатолий колледжде оқып жүрген кезінде компаниямызда өндірістік тәжірибеден өтті. Казцинк қызметкері WorldSkills-те жеңіске жетуінің құпиясы сол уақытта алынған дағдылар екенін айтты.
Алдағы уақытта Казцинктің жас әрі дарынды қызметкерін сайыстың республикалық кезеңі күтуде.