«Казцинк» қала тұрғындарымен бірге кішкентай емделушілерге жаңажылдық сыйлықтар жинады «Казцинк» қала тұрғындарымен бірге кішкентай емделушілерге жаңажылдық сыйлықтар жинады

Өскеменде Жаңа Жыл қарсаңында жергілікті хоккей клубының ойыншылары мен «Казцинк» қызметкерлері облыстық балалар ауруханасына барып, кішкентай емделушілерге жаңажылдық сыйлықтар жасады.

«Казцинк» және спорттық хоккей клубы жыл сайын «Басты жеңістеріміз балаларға арналады!» атты қайырымдылық акциясын өткізеді. Жанкүйерлер хоккей командасының желтоқсандағы ойындарына ойыншықтар әкеліп, соңғы дабылдан кейін мұзға лақтырады. Қатарынан екінші жыл акцияға танымал қалалық блогер де қолдап көрсетіп отыр, оның қамқор жазылушылары да ол арқылы сыйлықтар табыстады.

Шараны ұйымдастырушылар жаңа жыл қарсаңында кішкентай емделушілерге үш жүзге жуық ойыншық әкелсе, «Казцинк» металлургтері әр сыйлыққа қоса тәтті дәмділер жиынтығы мен жылы қолғаптар сыйлады.