«Казцинк» Германияда өткен ерекше салт аттылардың халықаралық жарысына қолдау көрсетті «Казцинк» Германияда өткен ерекше салт аттылардың халықаралық жарысына қолдау көрсетті

«Ақ Тай» мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау қорының тәрбиеленушілері Олег Старцев пен Валерия Вишневская зерделілік дамуында кемістік бар спортшыларға арналған Бүкіләлемдік жазғы арнайы Олимпиада ойындарына қатысты. Жарыс Берлинде өтті.

Халықаралық жарыстарға қатысуға «Казцинк» компаниясы қолдау көрсетті. Олег пен Валерия арнайы олимпиадалық ат спортының үш түрінен жарысқа түсіп, Орталық Азиядан қатысқан бірден бір өкіл ретінде жүлделі орындарға ие болды.