Өңірдің аса ірі компаниясы Өскемен қаласындағы жедел медициналық көмек қызметінің ұтқыр бригадаларына арналған көлік қызметі ақысын төлеуге жасасылған Шартты 2021 жылғы қаңтар айының соңына дейін ұзартты.
Шілде айынан бастап облыс орталығында коронавирус инфекциясымен күреске құрамына студент-медиктер кіретін арнайы ұтқыр бригадалар қосылған болатын. Олар COVID-19 індетіне байланысты айтарлықтай көбейіп кеткен шақыруларға шығуда амбулаторлық терапевтерге көмектесуде. «Казцинк» бұл кезең басталғаннан бері 12 автомобильдің күнделікті қызмет ақысын төлеуге «Парыз» қоғамдық қорына қаражат бөліп келеді.