Өскеменде «Жақсылықты бірге жасаймыз» атты еріктілер қозғалысы өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсететін кеңсе ашты.
Жаңа филиалда еріктілер өңір тұрғындарына көмек тарататын болады: азық-түлік пен киім-кешек. Оның үстіне үй-жайдың ауданы қоғам белсенділеріне маңызды әлеуметтік миссияны іске асыруға мүмкіндік берді: өмірде қиын жағдайға тап болған адамдар үшін орталықта психолог пен заңгер ерікті түрде жұмыс істейді.
«Казцинк» кеңсені жөндеп, ұйымға қажетті жиһаз бен кеңсе техникасын сатып берді.