Қазан айында Шығыс Қазақстан өңірінде құрғақ шөптің ауқымды өртенуінің бірқатар жағдайлары орын алды. Облыс орталығында өрттен бірнеше тұрғын үй қатты зардап шекті. Оқиға салдарынан үш отбасы баспанасыз қалды. Қуанышымызға орай, адамдардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Дегенмен, үйлерінен айырылғандардың барлығына әдеттегі өмір салтына оралу үшін көп ресурстар қажет болады.
«Казцинк» баспанасынан айырылған өскемендіктерді қолдауға шешім қабылдады – әр отбасына бір миллион теңгеден аударды.