Шығыс Қазақстан облыстық көпбейінді онкология және хирургия Орталығы «Mindray Resona 7» заманауи диагностикалау жүйесімен толықты. Оның кәдімгі УДЗ-аппаратынан ерекшелігі – визуалдаудың жоғары сапасы және кеңейтілген мүмкіндіктер. Бағасы аса қымбат жабдық «Казцинктің» арқасында сатып алынды.
Ультрадыбыстық зерттеу онкологияны емдеуде кеңінен қолданылады, өйткені, бұл – неғұрлым қауіпсіз, ақпараттық және жылдам бастапқы диагностика әдісі. Жаңа УДЗ-аппарат сездіргілері жиі-жиі істен шыға берген ескі жабдықты алмастырды. Орталық мамандары енді скрининг үшін жаңа жабдықты пайдалануда.
«Mindray Resona 7» аса ұсақ детальдарды айыруға және көлемі үш миллиметрге жуық ісікті анықтауға қабілетті. Одан басқа визуалдаудың жоғары сапасының арқасында аппаратты қателіксіз биопсия үшін де қолданады