«ASMAR – бірлік дәстүрлері» іс-шарасы Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін талқылауға арналған ең үлкен диалог алаңшасына айналды.
Тақырыптық сессияларда БҰҰ-ның ҚР-дағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори, ГФР-ның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Моника Иверсен, Ұлыбританияның ҚР-дағы елшісі Кэти Лич сөз сөйледі.
«Казцинкте» әйелдер бастамаларын қолдау тәжірибесі туралы айтылды. Кәсіпкер әйелдер ұсынатын әлеуметтік бастамалардың бағытына да ерекше көңіл бөлінді.