Өңірдің аса ірі компаниясы мен ТЖ басқармасының қолдауымен Алтай ауданында (Шығыс Қазақстан облысы) жергілікті мектептердің аға сыныптары оқушылары командалары арасында конкурс болып өтті. Балалар төтенше жағдай кезіндегі білімі мен машықтарын ортаға салды.
Жарыс барлық сақтық шараларын сақтай отыра, ашық ауада өтті.
Балалар алғашқы көмек көрсету, қауіпсіздік шараларының теориялық біліктіліктерін көрсетті, тақырыптық плакаттар жасап, әндер орындап, өлеңдер оқып,шығармашылық пен фантазия танысты. Қатысушылар тіпті өрт сөндіруші ролінде де ойнады.
Ал, «Казцинк» арнайы дайындаған кен апатынан құтқару көрсетінділері нағыз тосынсый болды.
Конкурс қорытындысы бойынша әр команда бірдей балл жинады. Барлық жас құтқарушыларға «Казцинк» атынан бағалы сый-сияпат табыс етілді.
Аталған іс-шара – металлургтер мен ТЖ басқармасының халықпен жүргізетін кешенді шараларының жалғасы болды.