Өскеменде балаларға арналған арнаулы қайырымдылық бағдарламасы басталды. Бірегей арт-терапия жобасын металлургтер қолдады.
Бағдарлама бір жылға есептелген, осы уақыт ішінде балалар үйлері мен арнаулы мекемелердің тәрбиеленушілерімен жұмыс істеу жоспарлануда.
Арт-терапия ерекше балалармен жұмыс істеудің ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Ол шығармашылықты қабілеттерін оятуға, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Дамыту сабақтары кәсіби психологтың жетекшілігімен жүргізіледі. Жоба аясында маман бірнеше ай бойы балалар мекемесінде болып, әрбір кішкентай суретшінің шығармашылық әлеуетін дамытады.
Жоба кураторлары «Казцинк» компаниясының қолдауымен жоғары білікті маманды жұмысқа тартып, сабақтарда заманауи материалдарды пайдалана білді.