«Казцинк» ірі іс-шарада комплаенс-мәдениетті дамыту жөнінде баяндады «Казцинк» ірі іс-шарада комплаенс-мәдениетті дамыту жөнінде баяндады

12.11.2024

Алматыда комплаенстегі цифрлық технологияларды дамытуға, сондай-ақ бизнес-этиканы танымал етудегі жаңа тәжірибелерге арналған халықаралық Compliance Forum-2024 өтті. "Казцинк» командасы өзінің үздік жаңашылдықтарымен бөлісті.

Іс-шара бірнеше елдің ірі компанияларының комплаенс өкілдерін жинады. Спикерлер қатарында Қазақстанның қадағалау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволарының, Сенаттың, үкіметтік емес ұйымдардың, ірі қаржы және өндірістік компаниялардың өкілдері бар. Негізгі пікірталастар комплаенсты цифрландыру және табысты команда құру, сондай-ақ бизнесті этикалы жүргізу мәдениетін нығайту төңірегінде болды.

Комплаенс, коммуникация және цифрлық өнімдерді пайдаланудың тиімді моделін құру аясында "Казцинк" енгізген жаңашылдық әріптестер арасында қызығушылық пен қызу пікірталас тудырды.