24.06.2024
«Казцинк» бөлімшелері жұмыс істейтін қалаларда барлық металлургтердің кәсіби мерекесі атап өтілді. Қалалықтарға әртүрлі сән-салтанат, жергілікті ұжымдар және әйгілі қазақстандық жұлдыздар өнер көрсетті.
Мереке Алтайда балалардың көңілді бағдарламасынан басталды. Содан кейін үздік жұмыскерлер марапатталды. Ол салтанатты Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев жүргізді, ол еңбегі сіңген кеншілер мен байытушылар кеудесіне «Еңбек Даңқы» және «Кенші даңқы» құрмет белгілерін тақты. Кеш қазақстандық өнер жұлдызы – Дильназ Ахмадиеваның концерттік бағдарламасымен аяқталды.
Риддерде қала әкімі Думан Рахметқалиев «Казцинктің» үздік риддерлік бөлімшелеріне құттықтау марапаттарын тапсырды. Ал «Казцинкмаш» өнеркәсіптік кешенінің директоры Александр Анчугин «Құрметті азамат» атағына ие болды. Концерттік бағдарламаны қазақстандық әнші – Дильназ Ахмадиева жалғастырды.
Жәйрем мен Көкшетауда қазақстандық эстрада жұлдызы – Sadraddinнің қатысуымен меркекелік сауық-сайран болып өтті. Өскеменде әйгілі әнші Sadraddinге ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Карина Абдуллина қосылып, кеш қызығын арттыра түсті.