«Казцинк» кәсіпкер әйелдерді қолдау бойынша өткізілген іс-шараға демеуші болды «Казцинк» кәсіпкер әйелдерді қолдау бойынша өткізілген іс-шараға демеуші болды

«Business woman KZ» қоғамдық бірлестігі республикалық «Business Lady Qazaqstan» сайысының Шығыс Қазақстанның кәсіпкер әйелдері арасындағы өңірлік іріктеу турын өткізді. Шараның бас демеушісі «Казцинк» компаниясы болды.

Сайыс қатысушылардың іскерлік және шығармашылық әлеуеттерін ашты. Үш баланың анасы және әлеуметтік кәсіпкер Жанна Солтанбекова іріктеу кезеңінің жеңімпазы атанды. Ол менталдық бұзылыстары бар балаларға арналған бейімді спорт орталығын ашқан. Ерекше қамқорлыққа мұқтаж балаларға арналған мекемені ұйымдастыру идеясы оған өз ұлын оңалтуға тырысып жүрген кезінде келген. Кәсіпкер әйел тек бизнесті басқарып қана қоймайды, сонымен қатар тамаша ән айтады, спортпен шұғылданады және айналасына шаттық нұрын шашып жүреді.

Енді Жанна астанамызда өтетін «Business Lady Qazaqstan» республикалық сайысының ақтық сынында облыс орталығының намысын қорғайды.