«Казцинк» қазақстандық компаниялармен келісімшарттар жасасуды жалғастыруда «Казцинк» қазақстандық компаниялармен келісімшарттар жасасуды жалғастыруда

2022 жылғы қыркүйек айының соңында «Өңдеу өнеркәсібі апталығы» форумы аясында жыл сайынғы «Қосалқы келісімшарттар биржасы-2022» іс-шарасы өтті. «Казцинк», қазақстандық компаниялармен серіктестікті тұрақты дамыту стратегиясын ұстана отырып, жергілікті тауарлар мен қызметтерді жеткізушілермен ынтымақтастық туралы келісті.

«Kazakhstan Industry Week» - еліміздегі индустриялық-инновациялық дамуға, сауда байланыстарын нығайтуға көмектесетін басты өнеркәсіптік алаңша. Іс-шараның негізгі мақсаттары: технологиялық даму және қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ өңірлік және халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты кеңейту.

Іс-шара барысында «Казцинк» тау-кен өндірісін басқару және қолдау үшін жабдықтар мен бағдарламалық жасақтама шығаруға маманданған отандық тауар өндіруші «ROGR Electronics» ЖШС-мен 350 млн теңге сомаға офтейк-келісімшарт жасасты. Офтейк-келісімшарт бұрғылау жұмыстарын автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізуді, сервистік қызмет көрсетуді және техникалық қолдауды, автопаркті орналастыруды, қозғалысты басқару жүйесін және ЖЖМ есебін жүргізуді көздейді.

Іс-шара барысында қатысушылар үшін арнайы B2B алаңшалары ұйымдастырылды, мұнда бизнес өкілдері іскерлік ынтымақтастық мәселелерін талқылады.