Аты әйгілеп тұрған «Арман қала» («Город мечты») акциясы Өскеменде, Риддерде, Алтайда және Серебрянскіде өтеді.
«Казцинк» компанияның өндірістік алаңшалары жұмыс істейтін қалалардағы әлеуметтік жобаларға жыл сайын инвестиция жұмсап келеді. Өңірлер әкімдіктерімен ауық-ауық меморандумдар жасасылып тұрады, ол құжаттарда ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалады. Компанияда қандай мәселелердің шешімін тапқаны неғұрлым қажет және көкейтесті екендігін білу үшін әлеуметтік инвестицияларды жұмсау бағыттарын анықтауға қалалықтардың өздерін тартуды жөн деп тапты.
Акцияға қатысушылар өз идеялары туралы айта алады. Оларды сараптамалық комиссия қарап, олардың ең маңызды дегендерін Instagram әлеуметтік желісіндегі жоба бетінде жариялайтын болады. Ұнатқан ұсыныстарына барлығы дауыс бере алады. Неғұрлым көп дауысқа ие болған идея «Казцинктің» болашақтағы әлеуметтік жобасына енгізілетін болады.
«Арман қала» акциясы туралы толығырақ instagram.com/arman qala парақшасынан біле аласыз.