«Казцинк» әйелдер кәсіпкерлігі өкілдеріне бүкіләлемдік іс-шараға қатысуға көмектесті «Казцинк» әйелдер кәсіпкерлігі өкілдеріне бүкіләлемдік іс-шараға қатысуға көмектесті

«Women help Women» («Әйелдер әйелдерге көмектеседі») халықаралық форумы - әйелдер мен әлеуметтік кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі диалог алаңы. Іскерлік шара Дубайда өтті. Қатысушылар БАӘ-нің ең ірі қаласында өтіп жатқан Dubai EXPO-2020 көрмесінде әрі қарай даму келешегін бағалау мүмкіндігіне ие болды.

Форум аясында түрлі елдердің әйелдер қозғалысының жетекшілері өз көзқарастарымен бөлісіп, әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың тең мүмкіндіктеріне қол жеткізу жолдарын бірлесіп пысықтады. Қазақстанның атынан еліміздің барлық дерлік өңірлерінің іскер топтарының өкілдерінен құралған делегация қатысты. Съезд Қазақстанның Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссиясының қолдауымен өтті.

«Казцинктің» қолдауымен Шығыс Қазақстан өкілі бизнесті жүргізудің қосымша мүмкіндіктері, әйелдер кәсіпкерлігіне көрсетілетін кеңес беру және ұйымдастырушылық көмек және осы бағыттағы жетістіктер туралы айтты.

Алдағы уақытта іскер әйелдер делегациясы Шығыс Қазақстан облысы бойынша турға аттанып, жергілікті кәсіпкерлер әйелдермен өз білімдерін бөліспек.