4.02.2025
Компанияның қолдауымен Глубокое ауданында ат спорты кешені базасында он адамнан тұратын үш топ жаттығады. Сабақтарға паралимпиадалық сәндiк жүрiс, Арнайы олимпиада бағдарламасы бойынша ат спорты және классикалық ат спорты кіреді.
Шабандоздар еліміздің ұлттық паралимпиадалық құрамасының құрамына кіреді және жарыстарға белсенді түрде қатысып отырады.
Шығыс Қазақстан – жыл сайын республиканың түкпір-түкпірінен келетін ерекше қажеттіліктері бар спортшылар үшін екі республикалық старт өткізілетін жалғыз өңір. Балалардың жарыстарға барып қатысуына және оларды ұйымдастыруға да «Казцинк» көмектеседі.