«Казцинк» спортшы қызға джиу-джитсудан әлем чемпионатына баруға көмектесті «Казцинк» спортшы қызға джиу-джитсудан әлем чемпионатына баруға көмектесті

Өңіріміздің ең ірі компаниясы Өскемен спорт клубының тәрбиеленушісіне Абу-Дабиде өткен әлем біріншілігіне қатысуға көмектесті.

Қасым Қайсенов атындағы Джиу-джитсу және грепплинг академиясы облыс орталығында 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын клуб жаттықтырушылары өз жұмысын кеңейтуді ұйғарып, балалар бағытын ашты. Бүгінгі күні жекпе-жек сабақтарына төрт жастан бастап ондаған қыздар мен ұлдар қатысады.

Абу-Дабиде өткен «Abu Dhabi World Championship» джиу-джитсу біріншілігіне өскемендік клубтан 10 бала қатысты. Спортшылардың бірінің қатысуына «Казцинк» көмектесті.

Қасым Қайсенов атындағы Джиу-джитсу және грепплинг академиясының жас жаттығушыларының ішінде қазірдің өзінде 2 әлем чемпионы, халықаралық жарыстардың көп дүркін жүлдегерлері мен ел чемпиондары бар. Ал академияның 6 тәрбиеленушісі грепплинг бойынша ұлттық құрама сапында.