«Казцинк» қазақ тілін үйретуге арналған білім беру жобасын қолдады «Казцинк» қазақ тілін үйретуге арналған білім беру жобасын қолдады

Мемлекеттік тілді дамыту қорының ұжымы «Казцинктің» қолдауымен мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларына арналған «Тәтті алма» алғашқы бірегей онлайн-платформасын іске қосты. Мұнда ұл-қыздар ойын түріндегі тапсырмаларды орындап, қазақ тілін үйрене алады.

Әзірлемені астаналық педагогтер жұмыстарында пайдаланып үлгерді. Астанадағы балабақшалардың бірінде осы әзірлеме пайдаланылып, қазақ тілінен ашық сабақ жүргізілді.

tattialma.kz онлайн-платформасының ерекшелігі – балалар тілді нөлден бастап, ересектердің ешбір көмегінсіз үйрене алады. Платформаның жас қолданушылары ойжұмбақтар шешу және ойын тапсырмаларын орындау арқылы жаңа сөздер мен сөз тіркестерін үйренеді.

Жобаны кез келген адам қолдана алады. Материалдардың барлығы https://tattialma.kz/ сайтында тегін қолжетімді.