2022 жылғы қыркүйек айында «Казцинкте» «Серiктес» бизнес-жобалар конкурсы басталды. Іс-шара импорталмастырудың жаңа бағыттарын табуға көмектесті, сонымен қатар қазақстандық шағын және орта бизнеспен ынтымақтастықты дамытуға ықпал етті.
Конкурс отандық өндірушілер арасында үлкен танымалдыққа ие болды. Бес айдың ішінде 130 өтінім зерделеніп, кәсіпкерлермен жалпы сомасы 92,2 миллиард теңгеге келісімдер жасалды.
Импорталмастыру бағытында 1200-ден астам қазақстандық жұмыс істейтін 13 компаниямен келісімге қол қойылды. Қол жеткізілген келісімдер металлургтер бұрын Ресей Федерациясынан, Австралиядан, Германиядан және Қытайдан ішінара сатып алған импорталмастырушы тауарларды жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар әлеуметтік жобаларды дамыту жөніндегі меморандумдар жасалды.