Компания инстаграм-аккаунтта Өскемендегі металлургиялық бөлімшені аралап-көруге ниет білдірушілерді шақыратындығы туралы хабарлаған болатын.
Белсенді қалалықтар экскурсияға қатысып, өндірісті көрді. Сондай-ақ олар өндірістің шығарынды газдарын тазарту, табиғат қорғау технологияларын жетілдіру туралы көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алды. Компания қонақтарды «Хальдор Топсе» және «Лавалин» қондырғылармен таныстырды.