«Казцинк» қызметкері ЖКО-дан зардап шеккендерге көмектесті «Казцинк» қызметкері ЖКО-дан зардап шеккендерге көмектесті

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласындағы «Казцинк» бөлімшелерінің бірінің жұмыскері төтенше жағдайдан зардап шеккен бейтаныс адамдарға көмектесті.

Ірі көлік апатының куәгері болған «Казцинк-Шахтострой» қызметкері Никита Таран зақымдалған көлік құралдарының ішінде қамалып қалған адамдарға көмектесуге асықты.

Ол зақымдалған көлік құралын ашып кірді. Рульде әйел адам, ал артқы орындықта жасөспірім болды. Никита зардап шеккендерді қарап шығып, бәрі дұрыс екеніне көз жеткізеді де, ЖКО-ның екінші қатысушысына көмектесуге асықты, ол қатты зардап шеккен екен. Никита абыржымай, қажетті алғашқы көмек көрсетті, ол – зардап шеккен ер адамның жедел жәрдем келгенше шыдауына көмектесті.