«Казцинктің» Шығыс Қазақстан облысындағы бөлімшелерінің бірі – Риддер металлургия кешенінің қызметкері Лариса Қосолапова Қазақстан Республикасындағы еңбек қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторлардың бірі атанды.
Марапаттау қауіпсіздік саласындағы басты оқиға – еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша 10-мерейтойлық қазақстандық халықаралық көрме – KIOSH 2022 Нұр-Сұлтанда (астанада) өтті.
Лариса құрметті екінші орын дипломын және қазақстандық компаниялар арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша «СЕНІМ» конкурсының мүсінін алды.
Бұл – ЕҚ саласындағы мамандар үшін елдегі жалғыз шара. Оған қатысу –қызметкердің еңбек қорғау және қауіпсіздік мәселелеріндегі өз біліктілігін растауы.