Казцинктіктер оқушыларды 1 қыркүйекпен құттықтады Казцинктіктер оқушыларды 1 қыркүйекпен құттықтады

«Казцинктің» өндірістік бөлімшелері орналасқан қалаларда компания қызметкерлері бірінші сынып оқушыларының мерекесін ұйымдастырды. Жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналары кен-металлургия ұйымында жұмыс істейтін мыңға жуық бала естен кетпес іс-шаралардың кейіпкерлері атанды.

Өскемен, Риддер, Жәйрем, Көкшетау, Серебрянск, Алтай қалаларында ұл-қыздарды мерекелерімен құттықтады. Әр қалада олар үшін аниматорлардың қатысуымен қойылымдар, интерактивтік ойындар, билер дайындалды. Кейбір бөлімшелерде бірінші сынып оқушылары өндіріспен танысты.

Сонымен қатар «Казцинк» жұмыскерлері компания қамқорлығындағы мекемелердің 500-ге жуық тәрбиеленушілерін оқу жылының басталуымен құттықтады.