«Казцинктің» бөлімшелері Наурызды атап өтті «Казцинктің» бөлімшелері Наурызды атап өтті

Компанияның бөлімшелері орналасқан елді мекендерде Наурыз мейрамын тойлау үнемі «Казцинктің» қолдауымен өтеді. Металлургтер мен кеншілер жыл сайын халыққа арналған ауқымды сауықтық шара өткізеді.

Әр қалада іс-шара қонақтары үшін қызыққа толы ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Сахнада әртістер мен ансамбльдер өнер көрсетті, ұйымдастырушылар ерекше сайыстар өткізді. Келушілерге дәстүрлі ұлттық тағамдар мен тәтті-дәмділер таратылып, ал іс-шараның ең кішкентай қонақтарына жеке ойын-сауық бағдарламасы – түрлі ойындар мен сайыстар ұйымдастырылып, сыйлықтар берілді.