Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі мен «Казцинктің» «Өнеркәсіптік қауіпсіздік инспекторы» қанатқақты жобасы металлургтер мен кеншілердің өндіріс алаңшаларындағы қауіпсіздігі жағдайына онлайн режімде мониторинг жүргізуге көмектеседі. Жақында Нұр-Сұлтанда (ел астанасы) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
ТЖМ-нің маңызды міндеттерінің бірі - өндірістік объектілердегі оқыс оқиғалардың санын барынша азайту. Неғұрлым тиімді алдын алу үшін ашықтық пен өнеркәсіптік алпауыттардың мүддесі, ең бастысы, болуы мүмкін тәуекелдерді анықтау құралдары қажет. «Казцинк» пен ТЖМ бірлескен жұмысы аясында серіктестік туралы келісіп қана қоймай, мемлекеттік мамандардың өндірістегі қауіпсіздікті тиімді қадағалауының сенімді тәсілін таба алды.
Бұған дейін кен-металлургия кәсіпорнының мамандары ғана пайдаланып келген бірыңғай цифрлық ресурсты қолдану көзделіп отыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдеріне кіруге рұқсат берілетін «Казцинктің» еңбек қауіпсіздігі құралдарының мониторингі мен талдау жүйесі бірлескен іс-шарада барынша жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі.