11.03.2025
Өңірлердің әкімдіктері мен кен металлургия компаниясы 2025 жылға арналған ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Кәсіпорын әр облыста әлеуметтік бастамаларды орындауға шамамен миллиард теңгеден бөледі. Қаражат медициналық және әлеуметтік ұйымдарды, спорт нысандарын, инженерлік инфрақұрылымды қолдауға және абаттандыруға жұмсалады.
Бұл «Казцинктің» әлеуметтік қажеттіліктерге бағыттайтын қаражаттың бір бөлігі ғана. Осы мақсаттарға жұмсалатын жалпы шығындар жыл сайын шамамен 12 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында компания шамамен 9 млрд теңгеге мектеп құрылысын қаржыландырады.