«Казцинктің» Риддер қаласындағы бөлімшелерінің бірі - «Казцинк-Шахтостройдың» жұмыскері Никита Таран өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті бастығының атынан алғыс хатқа ие болды.
20 мамырда отбасымен бірге трассада кетіп бара жатқан Никита ЖКО куәгері болды. Жол жиегінде сынған екі машина тұрды. Никита мен басқа да куәгерлер бір автомобильден бұғатталып қалған әйел мен жасөспірім қызды шығарды. Екіншісінде зардап шеккен ер адам болды. Никита оған шұғыл көмек көрсетіп, дәрігерлер келгенше жанында болды