«Казцинк» Шығыс Қазақстан облысының мектептеріне балаларға арналған қауіпсіздік қағидалары жазылған үнпарақтар табыстады «Казцинк» Шығыс Қазақстан облысының мектептеріне балаларға арналған қауіпсіздік қағидалары жазылған үнпарақтар табыстады

«Казцинк» компаниясы ШҚО Білім басқармасы және Полиция департаментімен бірлесіп жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясын өткізуде. Өңірдің барлық төменгі сынып оқушыларына қауіпсіз жүріп-тұру қағидалары жазылған түрлі-түсті үнпарақтар жолданды.

Акция қатарынан үшінші жыл өткізілуде. 42 000-ға жуық балаға жолда, көлікте, көшеде жүріп-тұру қағидалары, сондай-ақ вирустардан қорғану негіздері жазылған арнаулы екіжақты кітапшалар беріледі.

Үнпарақтың ерекшелігі - ата-аналармен бірге шығармашылық жұмыс жүргізуге арналған орны бар. Ол үнпарақтың артқы жағында орналасқан. Төменгі сынып оқушылары ересектермен бірге қауіптілігі жоғары жерлерді көрсете отырып, мектепке баратын және мектептен кері қайтатын жолдарын бейнелей алады.

FF