«Казцинк» ШҚО-ның параүстел теннисі бойынша құрамасын қолдады «Казцинк» ШҚО-ның параүстел теннисі бойынша құрамасын қолдады

Павлодарда параспортшылар арасында үстел теннисінен ашық кубок өтті. Шығыс Қазақстан құрамасы сапарының демеушісі «Казцинк» болды.

Өскемендік паратеннисшілер құрамасында үстел теннисінен үш спорт шебері және екі спорт шеберіне үміткер – Республика чемпионаттарының, параспартакиадаларының және паралимпиадаларының бірнеше дүркін жеңімпаздары бар.

Спортшылар облыстық жарыстарға сапарларының ақысын өздері төлеуі керек, көп жағдайда көмекке жүгінулеріне тура келеді. Осы орайда «Казцинк» бұған дейін де бірнеше рет қажетті қолдау көрсеткен болатын.

Чемпионат қорытындысы бойынша ШҚО командасы төрт үшінші орын үшін, бір екінші орын үшін, жалпы алғанда бес жүлде жеңіп алды.