18.12.24
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі және «Казцинк» ауылшаруашылығы саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Компания жергілікті кәсіпкерлердің сатып алудағы тауарларының үлесін арттыра отырып оларды қолдайды.
Құжат «Казцинк» компаниясының шығысқазақстандық өндірушілерден өнім сатып алу жөніндегі міндеттемелерін бекітеді.
«Казцинк» компания қызметкерлері тамақтанатын асханаларға арналған жергілікті өнімдерді сатып алуға жыл сайын 800 млн теңгеден астам қаражат бөледі.