24.12.2024
Өскеменде «Корпоративтік мәдениет және бизнес-әдеп: сенімді серіктестіктің тұғыры" форумы өтті. Ол компанияның іскер әріптестері мен мердігерлерін, мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін жинады.
Іс-шараға қатысушылар бизнестің тұрақтылығын арттыру мен ұзақ мерзімді серіктестік құруда компленс нормалары қалай көмектесетінін талқылады. Бұл әсіресе әлемдік нарықтардағы күрделі жағдайда өзекті. Сондай-ақ жеткізушінің жаңартылған Іскерлік әдеп кодексі де таныстырылды. Форумда «Казцинк» өкілдері контрагенттердің сенімділігін тексеру рәсімі туралы сөз қозғады. Бұл іскери әріптестермен сенімді қарым-қатынастың негізін құра отырып, ықтимал қаржылық және беделдік тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.