«Казцинк» дамуында кемістігі бар балаларды оңалтуға арналған жабдық сатып алды «Казцинк» дамуында кемістігі бар балаларды оңалтуға арналған жабдық сатып алды

14.02.2025

Компания Ұлан ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті үшін дефектологтың кәсіби үстелін сатып алуда демеушілік жасады.

Арнайы ұйымда психофизикалық даму бұзылыстары бар балаларға кешенді көмек көрсетіледі. Бүгінгі таңда кабинетке 59 бала келеді. Жаңа жабдық түзету-дамыту жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.