«Казцинк» би ұжымына әлемдік чемпионатқа сапарында көмек көрсетті «Казцинк» би ұжымына әлемдік чемпионатқа сапарында көмек көрсетті

7.04.2025

Компанияның демеушілігімен Өскемендегі «Территория» би студиясы Вody Rock Asia 2025 азия би командалары арасындағы біріншілікке қатысты. Беделді жарыс Филиппин астанасы Манилада өтті.

Әлемнің түкпір-түкпірінен 134 ұжымның 33-і іріктелді. Нәтижелер бойынша бишілер 14-ші орынды иеленді. «Территория» би студиясы чемпионатта Қазақстанның атынан шыққан жалғыз өкіл болды.