21.08.2024
«Казцинк» ауыл мектептерінің оқушыларына қолдау көрсету мақсатында «Плюс бір» қайырымдылық қорының бастамасын қолдады. «Плюс бір Илон Маск» арнаулы жобасының мақсаты – әр балаға білім алуға мүмкіндік беру. Еріктілер ауылдық жерлерде тұратын балаларға ерекше назар аударады.
Жоба аясындағы негізгі іс-шаралардың бірі – балалардың толыққанды білім алуы мен жан-жақты дамуы үшін компьютерлік техника беру. Қор өзгенің жағдайына бей-жай қарамайтын адамдар мен ұйымдардан техниканы қабылдайды, балалардың табысты білім алуы үшін барлық қажетті бағдарламаларды орнатады, содан кейін оқушыларға табыс етеді.
«Казцинк» Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ ауылының оқушыларына 15 ноутбук жолдап, «Плюс бір» қорының бастамасын қолдады.