12.02.2025
Компания ШҚО Білім басқармасымен және Полиция департаментімен бірлесіп Өскемен қаласындағы № 15 орта мектебінің оқушыларына жарық шағылдырғыш білезіктер табыс етті.
Акция балалардың жол-көліктен жарақаттануының алдын алуға бағытталған. Жарық шағылдырғыш элементтері бар киімдер мен аксессуарлар – тәуліктің қараңғы кезінде жақсырақ көрінудің ең оңай, әрі тиімді әдістерінің бірі. Жаяу жүргіншіні басу қаупі айтарлықтай азаюда.
«Светлячок» жазуы бар білезікті қолға тағуға немесе рюкзакқа, сөмкеге бекітуге болады. Жақын арада арнайы аксессуарлар басқа мектептердің оқушыларына таратылатын болады.