4.04.2025
Ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтуде.
Компанияның бастамасымен өңірдегі 12 мектеп пен колледжде тақырыптық стендтер орнатылуда. Металлургия және кен өнеркәсібі үшін бейінді мамандықтар туралы ақпараттар бар арнайы сайт әзірленуде.
Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжінде техникалық бейін бойынша дипломдық жобалау кабинеттері мен мәжіліс залы ашылды. Сондай-ақ, металлургия пәндері бойынша кабинеттер мен зертханалар мультимедиялық жабдықтармен жарақтандырылды. Заманауи аудиториялардың арқасында студенттер таңдалған мамандықтың ерекшеліктерін тереңірек түсінуге бірегей мүмкіндік алады.