5.02.2025
Өскеменде Jastar Oskemen шығармашылық орталығы ашылды, бұл жерде жастар өз жобаларын жүзеге асыра алады.
Орталықта тоғыз орын бар. Олардың қатарында – дыбыс жазу студиясы, коворкинг-орталық, хореографиялық студия, еріктілерге және шығармашылық пен өзін-өзі көрсетуге арналған кеңсе, медиа бөлме, үлкен және кіші конференц-залдар, жастар ұйымдарына арналған кабинеттер бар.
Дыбыс жазу студиясына қажетті жабдықтарды сатып алуға «Казцинк» демеушілік көмек көрсетті.