Техникалық университет кафедраларының «Казцинктегі» филиалының түлектері диплом жұмыстарын қорғады Техникалық университет кафедраларының «Казцинктегі» филиалының түлектері диплом жұмыстарын қорғады

«Казцинктің» Өскемен металлургиялық кешенінде Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті кафедралары филиалының түлектері кезекті рет дипломдарын қорғады. Болашақ металлургтер, механиктер және электрэнергетиктер өндірісті жетілдіру, рентабельділік пен экологиялық тазалықты арттыру жөніндегі жобаларын ұсынды.

Университет кафедраларының «Казцинктегі» филиалы 2011 жылдан бастап жұмыс істейді. Білім беру бастамасы аясында студенттер тәжірибелі қызметкерлердің жетекшілігімен негізінен практикалық білім алады. Тамыз айында казцинктіктер командасына жаңадан он төрт жұмыскер: 5 металлург, 5 энергетик және 4 механик қосылады.