Шығыс Қазақстан колледждерінің бірінде жаңа спорт залы пайда болды Шығыс Қазақстан колледждерінің бірінде жаңа спорт залы пайда болды

Өңіріміздің ең ірі компаниясының көмегімен Алтай қаласындағы жергілікті колледжде спорт залы ашылды.

Бұл мекемеде түрлі техникалық бағыт бойынша 700-ден астам студент білім алуда. Колледж қаладағы ең үздік оқу орындарының бірі болып табылады және оның көптеген түлектері «Казцинктің» кен байыту бөлімшесі - «Алтай» КБК-ге жұмысқа тұрады.

Білім беру мекемесі 2005 жылдан бері жұмыс істейді. Ғимаратта толыққанды спорт залы үшін кең бөлмежай болған жоқ. Сондықтан студенттер командалық спорт түрлерімен жылдың жылы мезгілінде далада ғана айналыса алатын.

Көршілес орналасқан ғимараттан қолайлы жай табылды. Қымбат жөндеуге «Казцинк» демеушілік жасады..