«Казцинк-Энерго» директоры Ирина Сальникова Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен ерекшелік белгісімен – «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
Бұл мемлекеттік марапат еліміздің конституциялық негіздерін қалыптастыру мен дамытуға, тәуелсіздікті, қазақстандық қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтарды көтермелеуге арналған.
«Казцинктің» бас директоры Александр Хмелев Ирина Сальникованы осы жоғары марапатымен құттықтап, медальді табыс етті.
Ирина Алексеевнаның компаниямыздағы қызметі 2003 жылы басталған. Ол Энергетика қызметінің өндірістік қызметті жоспарлау мен талдау жөніндегі бас маманынан бастап «Казцинк-Энерго» ЖШС-нің директоры лауазымына дейінгі еңбек жолын жүріп өтті.
Тәжірибелі басшы бүгінгі күні ұйымның жұмысын ұйымдастырып қана қоймай, өндірістің техникалық саясаты мен даму бағыттарын, қайта құрылмалау жолдары мен техникалық қайта жасақталуын айқындайды.
«Казцинктің» ұжымы Ирина Алексеевнаны мерейтойлық медалімен шын жүректен құттықтайды!