Шығыс Қазақстан облысының ең ірі ұйымы, жергілікті билік органдарымен бірлесе, COVID-19-дың алдын алу үшін қызметкерлерді вакциналау кампаниясын бастады. Вакцина мемлекет тарапынан берілді.
«Казцинктің» түрлі қалаларындағы бөлімшелерінде, өндіріс жұмсыскерлеріне қолайлы болуы үшін, екпе егу пунктері ұйымдастырылды. Олар барлық қажетті жабдықтармен жасақталды және санитариялық талаптарға сай. Қызметкерлер екпе алудың алдында медициналық бақылаудан өтеді. Сондай-ақ компанияда вакциналау мәселелері бойынша шұғыл желі құрылып, үлкен ақпараттық-түсіндерме жұмыстары басталды.
Күн сайын вакциянаға қарсы иммунитет қалыптастыруға ниет білдірген жүздеген қызметкерге екпе салынуда.