Компания Өскемен қаласындағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету балалар Орталығына коронавирус және суық тиюден болатын инфекциялардың алдын алуға қажетті керек-жарақтар сатып алуға көмектесті. Орталыққа сондай-ақ жас тәрбиеленушілерді сауықтыруға арналған бірегей жабдық сатып алынды.
Мекеме қызметкерлері бір жарым жастан бастап 18 жасқа дейінгі 140 балаға тірек-қозғалыс аппаратын және басқа да патологияларды емдеуге көмектеседі.
Компания олкар үшін рециркуляторлар, түйіспесіз термометрлер, антисептиктер және басқа да медициналық керек-жарақ сатып әперді. Сауықтыру тиімділігі үшін Орталыққа қазіргі заманғы аппаратураның 15-тен астам түрін сыйға тартты. Сондай-ақ компания демалысқа арналған жиһаз, спорт және кіші моторикаға қажетті ойын жарақтарын сатып әперді.