«Казцинкте» үздік басшы-2020 анықталды «Казцинкте» үздік басшы-2020 анықталды

Евгений Веселов, «Казцинк-Транс» ЖШС Риддер кешені жүк және жол көлігі колоннасының бастығы «Үздік басшы - 2020» конкурсының жеңімпазы атанды.

Оның ұжымы бір жыл бойы жарақатсыз және апатсыз жұмыс атқарып, «Көлік қызметтері» аталымында үздік бөлімше атанды.

Евгений Веселовтың басшылығымен автопарк заманауи техникамен жаңартылып, еңбек жағдайлары үнемі жақсартылып отырады. Көптеген жүргізушілер оның колоннасында жұмыс істегісі келеді.

- Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және компанияда жазылған барлық қағидаларды сақтау – менің жұмысымдағы басты қағидат,- деп атап өтті «Казцинктің» ең маңызды ішкі марапаттары бірінің жаңа иегері. – Жұмыс күні аяқталған кезде әр адам өз туыстары мен жақындарына аман-есен қайтуы өте маңызды.