«Казцинк» Риддер тұрғындары үшін заманауи рентген-жүйесін сатып алуға көмектесті «Казцинк» Риддер тұрғындары үшін заманауи рентген-жүйесін сатып алуға көмектесті

Өңірдің аса ірі кен-металлургия компаниясы өз өндірістері орналасқан қалалардағы медицинаны дамытуға қомақты қолғабыс жасап келеді. Амбулаторлық орталықтың Риддердегі филиалында «Казцинктің» арқасында заманауи цифрлы Roesys X-Twin рентген жүйесі іске қосылды. Аппарат ең озықтардың бірінен саналады. Ол радиографикалық зерттеулердің барлық түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді. Жабдықтың бірқатар артықшылықтары бар: тексеру кезіндегі сәулеленудің минималды дозасы, түсірілімдердің анықтығы, дененің әртүрлі жерлерін сканерлеу мүмкіндігі. Жүйе өкпе қабыну диагностикасын жүргізуге және өкпенің зақымдануын бағалауға да қабілетті. Оның сезіктілігі цифрлы рентгенографиядан артық және компьютерлік томографияға жақындау.